$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Дастан Сәтпаев алаңға оралғаннан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Ол желідегі парақшасында жазба жариялаған. 

Фото: Робби Джей Барратт түсірген фото - AMA/Getty Images
Фото: Робби Джей Барратт түсірген фото - AMA/Getty Images

Қазақстан құрамасы мен ағылшындық "Бернли" клубының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық жұлдызды вингер қыркүйек айында алған жарақатынан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Дастан Сәтпаев қазақстандық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, командамен бірге алға жылжи беретінін мәлімдеді.

"Қолдауларыңыз үшін рақмет, қазақстандықтар! Алға, "алқызылдар", біз сапарымызды жалғастырамыз!" - деп жазды Сәтпаев әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0