$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

«Бернли» Дастан Сәтпаевты «Чарльтонға» қарсы ойынға қоспады

Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады. 

Фото: 1бол
Фото: 1бол

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінің 10-туры аясында «Чарльтон Атлетикке» қарсы өтетін матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

18 жастағы футболшы жарақатынан айығып, алаңға оралғанымен, «Бернлидің» ойынға арналған өтініміне енбеді.

Сәтпаев 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы кездесудің соңғы минуттарында ойынға қосылған еді. Сол матчта «Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық шабуылшының жарақаттан кейінгі алғашқы ойыны болды.

«Бернли» мен «Чарльтон Атлетик» арасындағы кездесу 13 қазанда «Тёрф Мур» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Кездесу алдында «Бернли» Чемпионшип кестесінде жеті ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Чарльтон» 13 ұпай жинап, 12-сатыға жайғасқан.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында санның артқы бұлшықетінен жарақат алған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0