14.10.2026, 18:20

Юлия Путинцева Уханьда ресейлік Диана Шнайдерге есе жіберді

Фото: olympic.kz

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылып, 2:6, 2:6 есебімен Шнайдердің пайдасына аяқталды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерге есе жіберді.

Әлемдік рейтингте 79-сатыда тұрған Путинцева негізгі кезеңге іріктеу арқылы өткен еді. Алайда екінші айналымда қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылып, 2:6, 2:6 есебімен Шнайдердің пайдасына аяқталды.

Матч барысында қазақстандық теннисші эйс жасамады, үш рет қос қателік жіберіп, жеті брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Үшінші айналымда Диана Шнайдер чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Осылайша, Уханьдағы турнирдің жекелей сынында Қазақстан өкілдері қалмады. Бұған дейін Елена Рыбакина жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқан болатын.