Көңілім құлазып тұр
Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду төңірегіндегі дау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
41 жастағы футболшының әпкесі Элма Авейру ағасын қолдап, Португалия жанкүйерлерінің оған деген көзқарасына көңілі толмайтынын айтты.
«Көңілім құлазып тұр. Өкінішке қарай, португалиялықтар бұрын не істелгенін ұмытып, енді бәрі басқаша болуы керек деп ойлайды. Айтар сөзім жоқ. Ағамның осындай жағдайды бастан өткеріп жатқанын көру маған өте ауыр. Ол мұндай қарым-қатынасқа ең лайықсыз адамдардың бірі», – деді Элма Авейру.