16.10.2026, 10:00

Балуан Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен U23 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін әйелдер күресінен 55 кг дейінгі салмақтағы Қазақстан командасының спортшысы Шұғыла Өмірбек қола медаль жеңіп алды. Қазақ плауаны 3-орын үшін белдесуде украиналық Снежана Онуфриевамен күш сынасты. Тартысты кездесу 11-10 есебімен Шұғыланың пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, Шұғыла Өмірбек былтыр дәл осы жас санатында әлем чемпионы атанған.