16.10.2026, 15:20

Елена Рыбакина өзі чемпион атанған турнирде өнер көрсетеді

Фото: sports.kz

Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті.

Қазақстанның және әлемнің 1-ракеткасы Елена Рыбакинаның 2027 жылғы 3-10 қаңтарда Аустралияда өтетін Брисбен WTA 500 турнирінде бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті.

- Әлемнің бірінші ракеткасы. Брисбен чемпионы. Сенің оралғаныңа қуаныштымыз, - делінген онда.

Қазақстандық теннисші 2024 жылы осы доданың финалында әлемнің сол кездегі 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.

Ал биылғы жылы соңғы бәсекеде украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:3 есебімен ұтқан А.Соболенко үздік шықты. Ал Е.Рыбакина ширек финалда чехиялық Каролина Муховаға 2:6, 6:2, 4:6 есебімен жол берді.

Алдағы жылдың алғашқы турнирінде Беларусь теннисшісіне биылғы чемпиондық атағы мен 500 рейтингілік ұпайын қорғауға тура келеді. Ал Елена Рыбакина биылғы нәтижесін жақсартса, ұпай қорын толықтыра алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.