16.10.2026, 15:45

«Қазақстан – менің үйім»: Нидерланд чемпионы қазақ еліне деген сезімін жеткізді

Фото: offside.kz

Шон Ниволд жүзуден әлем кубогының кезеңіне қатысу үшін Астанаға келді.

Нидерландиялық жүзгіш, бірнеше дүркін чемпион Шон Ниволд Қазақстанға деген сүйіспеншілігін айтып, көпшілікті тебірентті. Анасы Атырау облысынан шыққан спортшы Қазақстанды өз үйіндей көретінін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шон Ниволд жүзуден әлем кубогының кезеңіне қатысу үшін Астанаға келді. Спортшының айтуынша, ол Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет келген. Ал ата-тегі осы елмен байланысты болғандықтан, Қазақстанға деген ерекше ықыласы бар екенін атап өтті.

Спортшының анасы Эльмира – қазақ қызы. Ол Атырау облысында дүниеге келген, адай руының өкілі.

Шон Ниволд – Нидерландтың бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, эстафеталық жарыстарда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Биылғы маусымда да Silk Road Tour сериясы аясындағы әлем кубогы кезеңдерінде екі рет қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан алғаш рет тарихта жүзуден әлем кубогының кезеңін қабылдап отыр. Астанадағы жарысқа 50 елден шамамен 750 спортшы қатысуда.

Шонның оқиғасы тарихи отанынан мыңдаған шақырым қашықта өссе де, адамның туған жерімен және ата-тегімен байланысы ешқашан үзілмейтінін тағы бір мәрте көрсетеді.

Тегтер: чемпион