Ұйымдастырушылар қатысушылар тізімі өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында 13-15 қараша аралығында өтетін Гран-при турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазақстан атынан жарысқа 17 дзюдошы қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасының тізіміне Олимпиада чемпионы Елдос Сметов енбеген. Ол соңғы рет Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында татамиге шыққан болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз жапониялық Хаято Кондоға жол беріп, күміс медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Ерлер:
60 келі: Аман Бақытжан, Нұрадил Әлжан;
66 келі: Нұрқанат Серікбаев;
73 келі: Бақытжан Абдурахманов;
90 келі: Ермахан Ануарбеков, Нұржан Бисенов;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантелек Нұртилепұлы.
Әйелдер:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;
57 келі: Дана Әбдірова;
63 келі: Эсмигүл Қуюлова;
70 келі: Ажар Асхат;
78 келі: Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова.
Ұйымдастырушылар қатысушылар тізімі өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамына жуырда өткен Азия ойындарында күміс медаль алған Әбиба Әбужақынова да енді. Алайда Бакуде өткен әлем чемпионатында ол алғашқы белдесуінде жеңіліп қалған еді.