Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев кездесудің 61-минутында алаңға қосылды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Англия Чемпионшипінің 11-туры аясында өз алаңында «Вулверхэмптоннан» жеңілді. «Терф Мур» стадионында өткен кездесу қонақтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Матчта есепті 20-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Джейми Варди ашты. Алайда үзіліске дейін испаниялық Фер Лопес таразы басын теңестірді. Ал 72-минутта зимбабвелік жартылай қорғаушы Таванда Чирева «Вулверхэмптонға» жеңіс сыйлаған голды соқты.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев кездесудің 61-минутында алаңға қосылды. Ойын барысында ол қақпаға соққы жасаған жоқ. Сонымен қатар тоғыз пас беріп, олардың барлығын дәл орындады.
Бұл жеңілістен кейін «Бернли» сегіз ұпаймен турнир кестесінің 21-сатысында қалды. Турдың басқа матчтарының нәтижесіне қарай команда төменгі лигаға түсіп қалу аймағына сырғуы мүмкін.
Ал «Вулверхэмптон» ұпай санын 17-ге жеткізіп, алтыншы орынға көтерілді.