26.08.2014, 07:00

Головкин мен Рубио ESPN телеарнасында кездесті

Сурет: vesti.kz

Боксшылар арасындағы жекпе-жек 18 қазанда Лос-Анджелес қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен уақытша WBC чемпионы мексикандық Марко Антонио Рубио Лос- Анджелес қаласындағы ESPN телеарнасында өтетін бағдарламада кездескен болатын.

— Мен өте қобалжып тұрмын. Себебі, келесі жекпе-жегімді Калифорнияда өткіземін. Мен әрдайым StubHub Center-де өтетін кездесулерді тамашалауға баратынмын. Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегімде мексикалық стиль болады деп үміттенемін, — дейді Головкин.

Ал Марко Антанио Рубио өз кезегінде нағыз чемпионмен жекпекжекке шыға алатына қуанышты екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Ганнадийді нокаутпен жеңуді жоспарлап отыр екен. Жекпе-жекте мексикалық боксшы өзінің тәжірибесі мен күшіне сенеді.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы кездесу 18 қазан күні Карсонде StubHub Center-де өтеді. Бұл жекпе-жек НВО телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.