$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Криштиану Роналду 30 күнге шеттетіліп, айыппұл төлейтін болды

Бұл шешімді Португалия футбол федерациясының тәртіптік кеңесі қабылдаған. 

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Португалия құрамасының капитаны әрі Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың орналасқан жерінен рұқсатсыз кеткені үшін 30 күнге шеттетіліп, 255 еуро айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тәртіптік жаза туралы шешімді Португалия футбол федерациясының тәртіптік кеңесі қабылдаған. Оған футболшының 30 қыркүйекте Данияда ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетуі себеп болған. Роналду Копенгагенде өтетін Данияға қарсы матч қарсаңында командадан кеткен.

Айта кетейік, Португалия құрамасы Ұлттар лигасы аясында 15 қарашада Даниямен, ал 18 қарашада Кардиффте Уэльспен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0