20.10.2026, 12:20

Қазақстан үстел теннисінен Азия Пара ойындарында екі қола медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Сондай-ақ Али Махулбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Пара үстел теннисінен сынға түскен отандастарымыз Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков жеңіс тұғырына көтерілді.

Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қола алды. 

Сондай-ақ Али Махулбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 1/2 финалда жерлесіміз Чжао Шуайға 3:0 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады. 

Тегтер: теннис спорт