20.10.2026, 14:40

Бір айға ойыннан шеттетілген Роналду жазасын жеңілдетуді сұраған

Фото: Getty Images

Бұл туралы Record басылымы хабарлады. 

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамадан өз бетінше кеткені үшін берілген жазаны жеңілдетуді сұраған. Футболшы өтінішінде футболдың дамуына қосқан үлесі мен спорттағы жетістіктерін алға тартқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін 41 жастағы футболшы бас бапкер Жорже Жезуш оны Ұлттар лигасында Норвегияға қарсы кездесуде алаңға шығармағаннан кейін ұлттық құраманың орналасқан жерінен өз бетінше кетіп қалған еді. Осы оқиғадан соң Португалия футбол федерациясы Роналдуды бір айға шеттетіп, 255 еуро көлемінде айыппұл салды.

Record мәліметінше, Роналду жазаны жеңілдетуге негіз болатын үш уәж келтірген. Олар – футболдың дамуына қосқан елеулі үлесі, спорттағы жетістіктері және істің мән-жайын анықтауға шешуші үлес қосуы.

Федерация алғашқы екі уәжді ескергенімен, үшіншісін қабылдамаған. Ұйым өкілдерінің пікірінше, оқиғаға қатысты деректердің басым бөлігі ашық дереккөздерде жарияланғандықтан, ұзақ әрі күрделі тергеу жүргізудің қажеті болмаған.

Сонымен қатар, Роналду ұлттық құрамадан шеттетілгеніне қарамастан, қараша айындағы матчтарға шақырылуы мүмкін екені хабарланды.