20.10.2026, 17:00

Азия Пара ойындары: Қазақстан қоржыны бесінші алтын медальмен толықты

Фото: parateam.kz

 Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды

20 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина (1:05.13), ал үшінші орынды оның отандасы Юмето Идо (1:07.64) иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі.

Тегтер: Азиада