$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

Ислам Сәлімов Азия Пара ойындарында күміс медальға ие болды

Жарыста алтын медальді 6,93 метрге секірген Жапония өкілі иеленді.

Фото: kazparalimpics.kz
Фото: kazparalimpics.kz

Қазақстандық пара жеңіл атлет Ислам Сәлімов Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Спортшы ұзындыққа секіру сайысында 6,30 метр нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

21 қазанда Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. T13 санатында өнер көрсеткен Ислам Сәлімов ұзындыққа секіруден екінші орын алды.

Жарыста алтын медальді 6,93 метрге секірген Жапония өкілі иеленді. Ал 6,24 метр нәтиже көрсеткен Өзбекстан спортшысы қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан спорттың 12 түрінен 152 атлет бақ сынап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0