$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

UFC Шавкат Рахмонов дивизионындағы рейтингті жаңартты

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Канадалық жартылай орта салмақтағы файтер Майк Мэллот америкалық Хоакин Баклиді нокаутпен жеңгеннен кейін UFC рейтингіндегі орнын жақсартты. Ал қазақстандық Шавкат Рахмонов үздік 15 спортшының қатарына әлі оралған жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мэллот рейтингте үш сатыға көтеріліп, сегізінші орынға жайғасты. Ал Бакли төрт сатыға төмендеп, 12-орынға түсті. Бұған дейін 12-сатыда тұрған Камару Усман бір орын жоғарылап, 11-орынға көтерілді. Мэллот пен Бакли арасындағы жекпе-жек 17 қазанда өтті. Канадалық файтер қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде чемпион – Ислам Махачев. Үздік бестікті Карлос Пратес, Иэн Мачадо Гэрри, Майкл Моралес, Джек Делла Маддалена және Шон Брэди түйіндейді.

Жартылай орта салмақтағы үздік ондық:

  1. Карлос Пратес

  2. Иэн Мачадо Гэрри

  3. Майкл Моралес

  4. Джек Делла Маддалена

  5. Шон Брэди

  6. Габриэл Бонфим

  7. Белал Мухаммад

  8. Майк Мэллот

  9. Урош Медич

  10. Леон Эдвардс

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың есімі рейтингтің үздік 15 файтері қатарында жоқ. Ол ұзақ уақыт бойы октагонға шықпағаны және тізесіне қайта ота жасалғаны себепті ақпан айында рейтингтен шығарылған.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0