21.10.2026, 18:20

Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Ол ерлер арасында SB4 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзу финалында қашықтықты 1 минут 44,26 секундта бағындырып, екінші орын иеленді.

Қазақстандық пара жүзуші Әли Тұрғанбеков V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол ерлер арасында SB4 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзу финалында қашықтықты 1 минут 44,26 секундта бағындырып, екінші орын иеленді.

Алтын медальді малайзиялық Мұхаммад бин Зулкафли (1 минут 41,44 секунд) жеңіп алса, қола жүлде үндістандық Рохит Кумарға (1 минут 57,25 секунд) бұйырды.