$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Сәтпаев пен Чесноков бар: Ұлттық құрама Молдова мен Словакияға қарсы ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

Тізімге 38 футболшы енді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – «Астана»), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артем Литош («Шахтер»).

Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды. Ал 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0