22.10.2026, 13:00

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Фото: ҰОК

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді. 

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстандықтар кездесуде екі рет алға шықты. Алдымен Кирилл Герасименко Хирото Синозуканы 3:2 есебімен жеңсе, кейін Алан Құрманғалиев Юта Танаканы 3:1 есебімен ұтты. Алайда жапониялықтар ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды. Томоказу Харимото Ескендір Харкиді 3:0 есебімен, кейін Кирилл Герасименконы 3:1 есебімен жеңді. Ал шешуші ойында Хирото Синозука Ескендір Харкиден 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітін үзгенімен, 5-8-орындар үшін бақ сынайды.

Енді қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен кездеседі. Екінші жұпта Иран мен Гонконг құрамалары ойнайды. Бұл кездесулердің жеңімпаздары бесінші орын үшін күш сынасса, жеңілген командалар жетінші орынға таласады.

Тегтер: теннис спорт