22.10.2026, 15:20

«Жеңіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жеңіс» футбол клубы бас бапкер Владимир Слишковичтің қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Владимир Слишкович отбасылық жағдайға байланысты қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Оның басшылығымен команда 9 матч өткізіп, 4 рет жеңіске жетті және 5 мәрте жеңіліс тапты. Бас бапкермен бірге командадан бапкерлер штабының мүшелері Омер Йолдич пен Младен Чучкович те кетеді, - деп жазылған хабарламада.

Тәжірибелі маман «Спартак» клубын басқарған кезде Ресей Премьер-Лигасында бірде-бір рет жеңіліс таппаған және айдың үздік бапкері деп танылған.

Ол өзінің бапкерлік жолын босниялық «Зриньски» командасында бастаған. Сондай-ақ Қытай, Сауд Арабиясы клубтарында және Босния мен Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Елордалық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасында 28-турдан кейін 32 ұпаймен оныншы орында келеді. Енді олар 29-турда 24 қазанда сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубымен кездеседі.