Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.
V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді.
Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы Индонезия құрамасын 3:1, Жапония командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай құрамасына 1:3 есебімен есе жіберген болатын.