22.10.2026, 17:40

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Jimmie48©

Бұдан кейін Кудерметовв матчты жалғастырудан бас тартты.

Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 105-орындағы өзбекстандық Полина Кудерметоваға тап келді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін Кудерметовв матчты жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 128-сатыдағы Польша өкілі Катажина Кавамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичті жолдан тайдырды — 7:5, 6:2.

Елена Рыбакина өткен жылы осы додада чемпион атанған еді.