23.10.2026, 17:20

Азия Пара ойындары: волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Фото: gov.kz

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ирак командасын 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың финалына жолдама алды.

Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы күміс медаль иеленді. Ұлттық құрама сапында ел намысын елордалық Алмат Оспанов пен Берік Ізмағанбетов қорғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпара тпрталы. 

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ирак командасын 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың финалына жолдама алды. Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық волейболшылар Иран құрамасымен кездесті. Үш партияның қорытындысы бойынша ұлттық құрама қарсыластарына 0:3 есебімен (17:25, 15:25, 17:25) есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Осылайша, елордалық спортшылар Алмат Оспанов пен Берік Ізмағанбетов V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері атанып, Астананың қоржынына екі күміс медаль салды.