23.10.2026, 23:30

Будвадағы әлем чемпионаты: 7 қазақстандық боксшы ширек финалда бақ сынайды

Фото: ҚБФ

Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді. 

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1/8 финалдық кезеңнен сүрінбей өткен қазақстандықтар енді жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады. Бұл кезеңдегі жеңіс оларға кемінде қола медальді қамтамасыз етеді.

Ширек финалға шыққан боксшылар:

50 келіге дейін: Әділ Асқанбай;

55 келіге дейін: Айдос Үсенов;

60 келіге дейін: Данияр Ақбисенов;

65 келіге дейін: Ақжүрек Қалабай;

70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай;

90 келіге дейін: Еркетан Жарқынбек;

90 келіден жоғары: Владислав Саможонов.

Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді.