23.10.2026, 21:30

Елена Рыбакина Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: WTA

Қазақстандық теннисші кездесуде 6:1, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында польшалық Катажина Каваны (әлемдік рейтингте 128-орын) жеңуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Нинбо турнирінің жартылай финалына қайта оралды. Елена Рыбакина Каваны үш сетте жеңіп, келесі кезеңге өтті», – делінген WTA-ның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Қазақстандық теннисші кездесуде 6:1, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін ресейлік Диана Шнайдермен (әлемдік рейтингте 13-орын) кездеседі. Ол ширек финалда америкалық Ива Йовичті (12-орын) 6:3, 4:6, 6:1 есебімен жеңді.