24.10.2026, 21:30

Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 50 медальмен аяқтады

Фото: әлеуметтік желі

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 50 медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен V Азия пара ойындарында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Ұлттық құрама жарыс тарихындағы ең көп медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 50 медаль еншіледі. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде бар.

Осылайша, ұлттық құрама алтын медаль саны мен жалпы жүлде саны бойынша бірден екі рекордын жаңартты. Бұған дейінгі үздік нәтиже 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында тіркелген еді. Ол кезде қазақстандық спортшылар сегіз алтын медаль мен жалпы саны 41 жүлде жеңіп алған.

Бұл жолы Қазақстан жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. Осылайша, құрама алдыңғы ойындардағы көрсеткішін екі сатыға жақсартты. Ханчжоуда қазақстандықтар 11-орын алған болатын.

Жарыстың соңғы күндерінде қазақстандық паравелоспортшылар да жүлдегер атанды. Сонымен қатар Әли Тұрғанбеков күміс медаль жеңіп алды. Ол бұған дейін әлемдік футбол жұлдыздары Лионель Месси және Криштиану Роналдумен бірге футбол ойнағанымен танылған.