$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Қазақ қызы Ресейдің үздік боксшысы атанды

Фото: Анастасия Здорик
Фото: Анастасия Здорик

Мәскеу қаласында әйелдер арасында өткен ХХVІІІ Ресей чемпионатында омбылық қазақ қызы Салтанат Меденова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салтанат 81 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Ол финалда өзінің басты қарсыласы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, әйелдер арасында әлем чемпионы, Краснодар өлкесінің өкілі Анастасия Демурчянды 5:0 есебімен ұтты. 

Салтанат Меденова сонымен қатар турнирдің үздік боксшысы атанды. 

С.Меденова осымен Ресей чемпионаттарында бесінші рет топ жарды.

Мәскеудегі біріншілік жеңімпаздары 1,5 млн рубль көлемінде сыйақыға ие болды.

Тағы бір қазақ қызы, новосібірлік Алмагүл Мамраева 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды. 

Салтанат Меденова осы жеңісіне үлес қосқан бапкерлері Татьяна Макарова мен Сергей Земцов және барлық жақын туыстарына, жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері С.Меденова осыдан бір жыл бұрын әлем чемпионы атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0