$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

Талғат Орынбасар Елдос Сметовті жеңіп, Абу-Дабиде қола жүлдегер атанды

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін белдесуде отандасы Елдос Сметовті жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҰОК мәлім етті. 

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсетті. Талғат 60 келі салмақтың қола жүлдесі үшін отандасы Елдос Сметовпен күш сынасты.

Белдесудің қорытындысы бойынша Талғат Орынбасар жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Елдос Сметов жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.

Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0