Ал Алексей Махно кәсіпқой мансабындағы 18-жеңілісіне ұшырап, қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды.
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен ACA 209 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жартылай орта салмақта ресейлік Алексей Махномен кездесіп, жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.
Осылайша, Хамитов кәсіпқой ММА мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі уақытта қазақстандық файтер қатарынан үш жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Ол соңғы рет 2024 жылғы 11 мамырда ресейлік Александр Шлеменкодан жеңілген.
Ал Алексей Махно кәсіпқой мансабындағы 18-жеңілісіне ұшырап, қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды.