$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Шавкат Рахмонов қаңтардағы UFC турниріне қатыспайды

Фото: UFC
Фото: UFC

Қазақстандық UFC шебері Шавкат Рахмоновтың өкілі Дэниел Рубенштейн «Nomad» пен бұрынғы аустралиялық чемпион Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шетелдік БАҚ-та Рахмонов пен Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек қаңтар айында жоспарланып жатқаны хабарланған болатын. Дегенмен, Рубенштейн мұндай жекпе-жек тіпті талқыланбағанын айтады.

— Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. ДДМ қарсылас ретінде аталған жоқ, ал Шавкат қаңтарда октагонға оралмайды, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0