$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан 5 медальмен 15-орын алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астанада өткен күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ел қоржынына жалғыз күміс медальді 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов салды. Ал грек-рим және әйелдер күресінен сынға түскен отандастарымыз төрт қола жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінен Исхар Құрбаев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі) және Бағдат Сабаз (67 келі) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әйелдер күресінен Зейнеп Баянова (50 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Астанадағы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан барлығы 35 спортшы өнер көрсетті. Оның 13-і грек-рим күресінен, 12-сі еркін күрестен, тағы 10-ы әйелдер күресінен сынға түсті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 15-орынға тұрақтады. Медаль кестесінің көшін 15 жүлде еншілеген АҚШ пен Иран құрамалары бастап тұр. Ресей құрамасы 14 медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0