03.11.2026, 11:00

Америкада Канелоға Жәнібек Әлімханұлымен айқасуды ұсынды

Фото: Инстаграм

Мбилли бұған дейін жеңіліп көрмеген еді.  

Бокс туралы беделді The Ring журналы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын мексикалық Сауль «Канело» Альварестің ықтимал қарсыластарының қатарына қосты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

The Ring басылымы екінші орта салмақта WBC чемпионы атанған Сауль «Канело» Альварестің келесі қарсыластары болуы мүмкін төрт боксшының тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да бар.

Сонымен бірге тізімге IBF чемпионы, кубалық Ослеис Иглесиас (16-0, 15 KO), америкалық Диего Пачеко (26-0, 19 KO) және Гватемала өкілі Лестер Мартинес (21-0-1, 17 KO) енген.

«Канелоның екінші орта салмақта жұдырықтасуы мүмкін қарсыластары көп. Олардың қайсысы Сауль үшін ең үлкен сынақ болар еді?» – деп жазды The Ring әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 1 қарашада Сауль Альварес Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында шаршы алаңға оралып, франциялық Кристиан Мбиллиден (29-1-1, 24 KO) басым түсті. Осы жеңісінен кейін мексикалық екінші орта салмақта WBC чемпионы атанды. Мбилли бұған дейін жеңіліп көрмеген еді.