Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жаңартылған әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Алматының атынан сынға түсетін спортшы рейтингтің төртінші сатысында тұрған. Бұл салмақта көш бастап тұрған – әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген польшалық Виктория Холуй. Ал үшінші орынға әлем біріншілігінің жеңімпазы, Қытай өкілі Зелу Ли көтерілді.
Астанада өткен әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова қола медаль үшін белдесуде жапониялық Махиро Ёситакаға есе жіберген еді. Қазіргі рейтингте жапониялық балуан төртінші орында тұр.