$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

«Қазақ аруы» емес, «Баян аруы»: Қуат Хамитов қыздар байқауына шүйлікті

Жекпе-жек шебері бұдан кейін байқауды ұйымдастырушы Баян Алагөзоваға да үн қатты. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Жекпе-жек шебері Қуат Хамитов «Қазақ аруы – 2026» байқауына қатысты пікір білдіріп, оны мәнсіз конкурс деп бағалады. Оның айтуынша, байқау жеңімпаздары елдегі ең сұлу қыздардың қатарынан таңдалмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Хамитовтың сөзінше, Қазақстанда сұлу қыздар көп болғанымен, байқау ұйымдастырушылары тәжді өзі лайық көрмейтін қатысушыларға береді. Оның пікірінше, мұндай таңдау шетелдіктердің қазақ қыздарының сұлулығы туралы теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.

Жекпе-жек шебері бұдан кейін байқауды ұйымдастырушы Баян Алагөзоваға да үн қатты. Ол «Қазақ аруы» атауын «Баян аруы» деп өзгерту керек деген ұсыныс айтты.

«„Қазақ“ деген барлығына, тұтас ұлтқа қатысты. Ұлтымызда мына біреудің назары жетпей жүргендерге қарағанда, сұлу да лайықты қыздар жетіп артылады. Олар ол жаққа не үшін баратынын бәріміз де білеміз», – деп жазды Қуат Хамитов Threads желісінде.

Айта кетейік, кеше өткен «Қазақ аруы – 2026» байқауынан кейін әлеуметтік желіде жеңімпаз Асылым Өтепбергеннің жеңісі қызу талқыланып жатыр. Оның тәж иеленуіне қатысты желі қолданушылары арасында сын көбейген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0