$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінде үздік бестікке енді

Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli
Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 KO) IBF рейтингінде төрт сатыға көтеріліп, екінші орта салмақтағы үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

31 қазанда Эр-Риядта өткен Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен Нұрмағанбет мексикалық Маркос Васкесті (21-4-1, 10 KO) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Осы сенімді жеңістен кейін қазақстандық боксшы рейтингте бесінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, бұл салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы – кубалық Ослейс Иглесиас. Рейтингтің алғашқы екі сатысы әзірге бос тұр. Үшінші орында француз Кевин Леле Саджо, төртінші орында ливиялық Мәлік Зинад орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0