UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили ресейлік спортшы мен оның серіктері өзіне және досына топ болып шабуыл жасағанын мәлімдеді.
PFL ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Усман Нұрмағомедов пен оның командасы Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған жаппай төбелестен кейін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили ресейлік спортшы мен оның серіктері өзіне және досына топ болып шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Оқиға 11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде болған. Грузиялық спортшы қалаға Real American Freestyle (RAF) күрес турниріне қатысу үшін барған. Жанжалдан кейін оқиға орнына полиция келіп, төбелеске қатысқан спортшыларды бөлімшеге алып кеткен.
Бірқатар ақпарат құралдарының жазуынша, егер ресейлік спортшының кінәсі дәлелденсе, БАӘ заңнамасына сәйкес оған бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе шамамен 2700 доллар (1,3 миллион теңгеге жуық) айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетейік, 14 қарашада Мераб Двалишвили RAF турнирінде бразилиялық Марлон Мораеспен кездесуі керек. Қонақүйдегі жанжалдың спортшының алдағы бәсекесіне әсер ететіні әзірге белгісіз.