$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

Сенсация! Қазақстандық теннисші әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын жеңді (ВИДЕО)

Биыл Шевченко Майамидегі «Мастерс» турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы америкалық Бен Шелтонды жеңген.  

Фото: Tengrisport
Фото: Tengrisport

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Швецияның Стокгольм қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде сенсациялық жеңіске жетті. Ол әлемдік рейтингтің 18-сатысында тұрған норвегиялық Каспер Руудты жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кездесудің алғашқы сетінде қазақстандық теннисші 6:7 есебімен жеңіліп қалды. Алайда кейін ойын тізгінін қолға алып, келесі екі сетте 6:4 және 6:3 есебімен басым түсті.

Енді Шевченко турнирдің ширек финалында аргентиналық Тиаго Аугустин Тирантемен кездеседі.

Айта кетейік, Александр Шевченко әлемдік рейтингте 107-орында тұр. Ол Стокгольмдегі жарысқа іріктеу кезеңі арқылы өткен.

Ал оның қарсыласы Каспер Рууд – «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін финалисі. Норвегиялық теннисші 2022 жылы әлемдік рейтингте екінші орынға дейін көтерілген.

25 жастағы теннисші мансабын Ресейде бастаған. 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама атынан өнер көрсете бастады. Қазір ол қазақстандық теннисшілер арасында Александр Бубликтен кейінгі екінші орында.

Биыл Шевченко Майамидегі «Мастерс» турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы америкалық Бен Шелтонды жеңген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0