Бұл туралы DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы 2027 жылдың көктемінен ерте болмауы мүмкін. Спортшының жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі созылып кеткендіктен, бапкері оның жекпе-жекке шығуын наурыз–сәуір айларына жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге қазақстандық файтердің нақты қашан оралатынын айту қиын.
«Шавкаттың оралуы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені өздеріңіз көріп отырғандай, қалпына келу процесі созылып кетті. Менің есебім бойынша, келесі жылдың наурыз–сәуір айлары. Әзірге шамамен осылай», – деді Эдуард Базров.
Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы тізесінен жарақат алып, нәтижесінде оның октагонға оралуы кейінге шегерілді.