$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға оралды (ВИДЕО)

Беделді Sofascore статистикалық порталы аңыз футболшының ойынын 7,0 ұпайға бағалады.

Фото: Instagram/ravennafootballclub
Фото: Instagram/ravennafootballclub

Бразилиялық футбол аңызы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қатысып, италиялық «Равенна» сапында дебют жасады. 46 жастағы футболшы алаңда 45 минут өткізіп, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуіне қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Италияның С сериясының 14-туры аясында өткен «Равенна» мен «Форли» арасындағы кездесу алаң иелерінің жеңісімен (2:0) аяқталды. Бразилиялық жартылай қорғаушы негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймды толық өткізді.

Беделді Sofascore статистикалық порталы аңыз футболшының ойынын 7,0 ұпайға бағалады. 45 минут ішінде Роналдиньо допқа 28 рет жанасып, 21 пастың 17-сін дәл берді (81% дәлдік).

2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы «Алтын доп» иегері бұған дейін «Гремио», «ПСЖ», «Барселона», «Милан», «Фламенго», «Атлетико Минейро», «Керетаро» және «Флуминенсе» клубтарында доп тепкен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0