Жалпы Elo рейтингінде де Қазақстан өкілі 2159,2 ұпаймен көш бастап тұр.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Tennis Abstract сараптамалық платформасының маусымдық yElo және жалпы Elo рейтингілерінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Маусымдық yElo рейтингінде қазақстандық спортшы 2166,8 ұпай жинап, ресейлік Мирра Андрееваны (2146,1) және америкалық Кори Гауффты (2144,0) басып озды. Бұл рейтингіде есепке алынған матчтарда Рыбакинаның еншісінде 54 жеңіс пен 14 жеңіліс бар.
Жалпы Elo рейтингінде де Қазақстан өкілі 2159,2 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (2139,0), ал үшінші орында Кори Гауфф (2128,2) орналасқан.
Рейтингтер 16 қарашада жаңартылған. yElo жүйесі теннисшілердің ағымдағы күнтізбелік жылдағы нәтижелерін есепке алып, қарсыластарының деңгейі мен өткізген матчтарының санына қарай ұпайын түзетеді. Ал жалпы Elo рейтингі соңғы 52 аптадағы нәтижелерді ескеріп, қарсыластардың деңгейін де бағалайды.
Айта кетейік, Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми рейтингінде де бірінші орында. 16 қарашадағы мәлімет бойынша қазақстандық теннисшінің еншісінде 8099 ұпай бар. Ол ең жақын қарсыласы Мирра Андрееваны (7806 ұпай) басып озған.