Спортшы ағасы Усманмен және команда мүшелерімен бірге Абу-Даби полициясы тарапынан ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты.
UFC-дің танымал файтері, титулға бұрынғы үміткер Умар Нурмагомедов Абу-Дабиде (БАӘ) қамаудан босатылғаннан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы ағасы Усманмен және команда мүшелерімен бірге Абу-Даби полициясы тарапынан ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты. Оқиға UFC-дің аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилиге жасалған даулы шабуылдан кейін болған.
Умар Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Әр адамның өмір жолында қиындықтар кездеседі. Бізді сол қиындықтарды қалай еңсеретініміз айқындайды», – деп жазды.