Қазақстандық файтер әрі жаттықтырушы Василий Тахтай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың өтінішін орындап, оның ұлына қолдау көрсетті.
Атақты файтер Василий Тахтай түрмедегі сотталушыға берген уәдесін орындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық файтер әрі жаттықтырушы Василий Тахтай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың өтінішін орындап, оның ұлына қолдау көрсетті.
Кездесу кезінде Сүйіндік есімді азамат Тахтайға ұлы Ибрахимнің аралас жекпе-жекпен (ММА) айналысатынын және жарыстарда жүлделі орындар алып жүргенін айтқан. Ол отбасының қаржылық жағдайы қиын екенін айтып, спортшыдан ұлын қанатының астына алуды сұраған.
Тахтай оның өтінішін қабыл алды. Бірнеше күннен кейін Ибрахим жаттығу залына келгенде, оны спортшының өзі қарсы алды.