26.11.2026, 09:40

Гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдегі халықаралық турнирде алтын алды

Фото: ҰОК

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық гимнаст Нариман КурбановРесейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Ресей өкілі Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ал оның жерлесі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.