26.11.2026, 12:00

Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа орден тақты

Фото: ҰОК

Наградаларды ҰОК президенті Геннадий Головкин табыстады.

Астанада өткен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы соңында отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына сүбелі үлес қосқан саңлақтар мен сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Наградаларды ҰОК президенті Геннадий Головкин табыстады.

Жиынның басты наградасы — ҰОК-тың ең жоғары мәртебелі ордені 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа берілді.

«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен Данияр Қасқарауов пен Қазақстан Таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов марапатталды.

Ал II дәрежелі құрмет белгісі ауыр атлетикадан ұлттық құрама мүшелері Александр Уваров пен Алексей Чуркинге, таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулеске, сондай-ақ Шымкент қалалық және Түркістан облыстық таеквондо федерацияларының президенттері Олжасхан Уәлихан мен Елдос Ахметовке табысталды.

Бұдан бөлек, таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы Айым Серікбаева Қазақстан ҰОК Құрмет грамотасымен марапатталды.