Швециялық «Мьельбюден» басым түскен «Қайрат» тарихи жетістікке жетіп қана қоймай, қомақты сыйақыға да кенелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі 4-турдағы жеңісі үшін УЕФА отандық клубқа 400 мың еуро (шамамен 201 млн теңге) төлейді.
26 қарашада Алматыда өткен матчта 14-минутта Еркін Тапалов жеңіс голын соқты, ал қақпашы Темірлан Анарбеков жеті соққыны қайтарып, ойын қаһарманы атанды. Бұл — «Қайраттың» еурокубок негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі.
УЕФА регламенті бойынша әр жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың еуро беріледі. Бұған дейін «Рига» (1:1) және «Аталантамен» (1:1) тең түскен алматылықтар төрт турда тек матч нәтижелері үшін 666 мың еуро (шамамен 334 млн теңге) табыс тапты. Бұл сомаға турнирге қатысу төлемдері мен өзге бонустар кірмейді.
Қазір 5 ұпай жинаған «Қайрат» кестеде 23-орынға көтеріліп, плей-офф аймағына (үздік 24 клуб қатарына) кірді. Алда румыниялық «Университатя» және нидерландтық «Твенте» клубтарына қарсы соңғы екі тур ойыны бар.