$ 458.85 € 503.5 ₽ 5.59

Геннадий Головкин Өзбекстанға барды: Ташкентте бокстан әлем кубогының финалы өтеді (ВИДЕО)

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық боксшы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Өзбекстан астанасы Ташкентке барды. Ол бокстан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Геннадий Головкин 27 қарашада Ташкент халықаралық әуежайында қарсы алынды. Оны Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Ойбек Қасымов, Asian Boxing ұйымының вице-президенті әрі Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Полатов бастаған спорт саласының өкілдері күтіп алған.

Айта кетейік, World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында өтеді. Жарысқа 31 елден 142 боксшы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар ерлер және әйелдер арасында 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Жарыстың алғашқы жекпе-жектері 28 қарашада басталады. Ал финалдық кездесулер 3 желтоқсанға белгіленген. Турнирдің ресми жеребесі 27 қарашада тартылды.

Қазақстан құрамасы бұл додаға 11 спортшымен қатысады. Олардың алтауы – ерлер, бесеуі – әйелдер. Ұлттық құрама сапында Даниял Сабит, Фарух Тоқтасынов, Аман Қонысбеков, Диас Молжигитов, Сұлтанбек Айбарұлы, Дәулет Төлемісов, Карина Ибрагимова, Бақыт Сейдиш, Шұғыла Налибай, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова бар.

Айта кетейік, биыл World Boxing әлем кубогының алғашқы екі кезеңі Бразилия мен Қытайда өткен. Ташкенттегі жарыс 2026 жылғы маусымның қорытынды кезеңі болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0