$ 443.37  474.49  4.83

Зарина Дияс US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Американың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс алғашқы айналымда украиналық Леся Цуренконы ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:2 есебімен алға шықты.

Екінші айналымда әлемдік рейтингте 48-орында тұрған З.Дияс америкалық 15 жасар Катрин Беллиспен шеберлік сынасады. К.Беллис словакиялық, әлемнің 13-інші ракеткасы Доминика Цибулкованы күтпеген жерден (6:1, 4:6, 6:4) ұтып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары