28.08.2014, 05:17

Головкин мен Рубио баспасөз мәжілісін өткізді (ВИДЕО)

Сурет: vesti.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super) және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мен WBC белбеуінің уақытша иегері Марко Антонио Рубио Лос-Анджелес қаласында баспасөз мәжілісін өткізді деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, қос боксшы 18 қазан күні өзара мықтыны шаршы алаңда анықтайтын болады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі StubHub Center кешенінде өтеді. Кездесуді HBO телеарнасы тікелей эфирден көрсетпек.