$ 442.05  474.14  4.74

ШҚО-да «Тур де Өскемен» веложарысына қызу дайындық жүруде

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, қазақстандық веложарыстың 100 жылдығын тойлау аясында, 2014 жылдың 12-13 қыркүйегінде Өскемен қаласында «Tour de Oskemen» екікүндік веложарысы өтеді, деп хабарлайды 1720.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, қазақстандық веложарыстың 100 жылдығын тойлау аясында, 2014 жылдың 12-13 қыркүйегінде Өскемен қаласында «Tour de Oskemen» екікүндік веложарысы өтеді.

–      Веложарыс кең көлемде өткізіледі. Жоспарлау барысында Халықаралық велосипедшілер ұйымының берген кеңестері пайдаланылды, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Доңбаев.

Екі турдан тұратын сайыс суперкөпкүндіктің шағын аналогы болмақ. Әбіл Бекетұлының айтуына қарағанда сайысқа еліміздің 7 облысы, «Astana Pro Team», «Almaty Bro Team», ҚазҰУ командасы, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан елдерінің спортсмендері қатысады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары