Бүгін Дэвис кубогі аясында ұлттық құрамалар арасындағы ойындар басталды. Алғашқы кездесуін Қазақстан теннисшілері Астанада Қытай құрамасымен өткізіп отыр. Таңертең бірінші болып кортқа шыққан жерлесіміз Михаил Кукушкин Ди Умен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша жалпы есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 1:0 есебімен алға шығып отыр.
Кездесудің алғашқы сеті аса тартысты өткен жоқ. Қытайлық теннисші Қазақстанның №1 ракеткасына лайықты қарсылық көрсете алмай, сет 6:2 есебімен алаң иесінің пайдасына аяқталған. Алайда, екінші сетте Ди У өз ойын өрнегін тауып, кезеңді 6:3 есебімен жеңіп шықты.
Қалған екі сетте Кукушкин кортта кімнің "қожайын" екенін көрсеткісі келсе керек, қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, Қазақстан құрамасына маңызды ұпайды алып берді.
Жалпы, кездесу аясында 5 матч өткізу жоспарланған. Санаулы минуттардан кейін кортқа Дмитрий Попко мен Це Чжанг шығуы тиіс.